Жұма, 7 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпШиеліде бағалы металдарды заңсыз өндірген 13 адам қамауға алынды

Шиеліде бағалы металдарды заңсыз өндірген 13 адам қамауға алынды

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен және ҰҚК департаментімен бірлесіп, Шиелі ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Тергеу дерегінше, Жаманкөл шатқалында күрделі өндірістік өңдеуді қажет етпейтін табиғи алтын өндірілген.

Топ мүшелерінің міндеттері өзара нақты бөлінген: біреулері алтын іздеушілерді тартып, өндіру жұмысын ұйымдастырса, енді біреулері тасымалдау мен сатуға жауапты болған. Тағы бір бөлігі қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.

Заңсыз әрекетті жасыру үшін аумақтың айналасына бақылаушылар қойылып, мотоцикл мінген адамдар маңайды торуылдаған. Олар бөгде адамдардың немесе мемлекеттік органдар қызметкерлерінің келгенін алдын ала ескертіп отырған.

Өндірілген алтын сату үшін Алматы қаласына жеткізіліп, одан түскен ақша топ мүшелерінің арасында бөлінген.

Тінту барысында құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш және 6 автокөлік тәркіленді.

Сондай-ақ 2 пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық табылды. Қазір 13 адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр