Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

    20 января, 2026

    Шетелдік студенттердің шоғырлануы Алматыға қандай салмақ түсіріп отыр?

    20 января, 2026

    Хромтауда дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

    20 января, 2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 20 января
    • Басты
    • Саясат

      Газа мәселесі: Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесіне шақырды

      19 января, 2026

      Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиенінің меншігіне өтті

      13 января, 2026

      Соловьёвтің даулы сөзі: қазақстандық саясаттанушы қандай қауіпке назар аударды?

      13 января, 2026

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      «Шектеу қоятын кез келді» – Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі бейәдеп контент туралы

      20 января, 2026

      Әскери қызметтегі азаматтарға несие берілмеуі мүмкін

      19 января, 2026

      Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды

      15 января, 2026

      «Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды» — Бибігүл Жексенбай

      15 января, 2026

      Мәжілісте Қытай көліктеріне қойылатын талаптарды күшейту ұсынылды

      14 января, 2026
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Сенатор Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды
    Жаңалықтар

    Сенатор Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24 апреля, 2025613 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

     ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Президент Жарлығымен халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, деп жазады QazNews.kz

     

    Соның бірі Қазақстан Халқы Ассамблеясында төраға орынбасары қызмет атқарған, ҚР Мәжілісі депутаты, Алматы облысы Мәслихаты депутаты қызметтерін атқарған. Қазір ҚР Сенатының депутаты Зәкіржан Кузиев те осы мемлекеттік марапатқа ие болды.

    Мемлекет басшысы бүгінгі жиында былай деді: 

    «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – егемендік тарихындағы айтулы оқиға. Бұл мерейтой әр азаматтың бақ-берекесін арттыру жолында ұлтымызды ұйыстыратын маңызды белеске айналады деп сенемін. Біз халқымыздың береке-бірлігін нығайтуға үлес қосқан азаматтарымызға әрдайым құрмет көрсетеміз. Отыз жылда жеткен жетістіктеріміз осындай абзал жандардың еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

    Жұртымыз үшін ең үлкен марапат – елдің тыныштығы. Шын мәнінде, қоғамда татулық болмаса, басқа жұмыстың бәрі бекер болмақ. Береке-бірлігімізді сақтай алмасақ, қастерлі Тәуелсіздігіміздің баянды болуы да екіталай. Еліміздегі тұрақтылықты нығайту үшін Ассамблея мүшелері табанды еңбек етіп келеді. Мен баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын. Алдағы уақытта да ел игілігін арттыруға мол үлес қоса бересіздер деп сенемін. Ассамблеяның мерейтойы құтты болсын! Бірлігіміз бекем болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қастерлі Отанымыз – Қазақстан жасай берсін!»

     «Парасат» орденімен:

    Кист Виктор Эдуардович
    Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ төралқасының мүшесі

    Кузиев Закиржан Пирмухамедович
    Парламент Сенатының депутаты

    Мақсилова Бақытжамал Шаханқызы
    Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Павлодар облысының Аналар кеңесінің төрағасы

    Пуссеп Геннадий Николаевич
    Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері;

    «Парасат» ордені – Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградаларының бірі. Ол ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер салаларында елеулі жетістіктерге жеткен, сондай-ақ қоғам мен мемлекетке айрықша қызмет еткен азаматтарға беріледі.

    «Парасат» ордені – қоғамның рухани дамуына, мәдениет пен өнердің өркендеуіне, ғылым мен білімге қосқан сүбелі үлесі үшін берілетін мемлекеттік марапат. Бұл орден – ел игілігі жолындағы парасаттылық пен еңбектің биік бағасы.

     

     

     

    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

    20 января, 2026

    Шетелдік студенттердің шоғырлануы Алматыға қандай салмақ түсіріп отыр?

    20 января, 2026

    Хромтауда дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

    20 января, 2026
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 281 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    20 января, 2026

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі ықтимал,  деп жазады QazNews.kz Қазақстан мен Еуропа одағы арасында виза рәсімдерін…

    Шетелдік студенттердің шоғырлануы Алматыға қандай салмақ түсіріп отыр?

    20 января, 2026

    Хромтауда дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

    20 января, 2026

    Қазақстанда вице-президент пайда болады

    20 января, 2026
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2026 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.