Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарСәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай финалда кездесуден бас тартты

Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай финалда кездесуден бас тартты

Фото: olympic.kz

Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирдің алғашқы финалистері анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды деп жазады QazNews.kz ақпарат агенттігі.

48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық кезеңде екі бірдей әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен Санжар Тәшкенбайдың жекпе-жегі жоспарланған. Ал Сәкен Бибосынов Нұрсұлтан Алтынбекпен халықаралық турнирдің алтынын сарапқа салуы керек еді. Алайда Сәкен мен Санжар жарақатына байланысты финалда өнер көрсете алмайды. Бұл туралы бокс федерация өкілдері хабарлады.

«Бүгін финал. Кешегі жартылай финал кездесулерінде Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов жарақат алып қалды. Қабақтары жарылған. Ауруханаға алып барып, рентген түсірдік. Кейін жарақатты тігіп тастадық. Сондықтан екеуі де бүгін өнер көрсетпейді. Дәрігерлер штабы оларды жарыстан алып тастады», — деді дәрігер Талғат Қуқанов.

Еске салайық, Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнир Шымкентте өтіп жатыр. 29 қыркүйекте басталған жарыс 5 қазанға дейін жалғасын табады. Халықаралық турнирге Қазақстан құрамасынан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина спортшылары да бақ сынап жатыр.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments