Сейсенбі, 20 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарҚонаевта аялдамалар цифрландырылуда

Қонаевта аялдамалар цифрландырылуда

Биыл Қонаев қаласында 16 жаңа аялдама қойылды. Қазір олар цифрландырылып жатыр, деп 

Әкім жаңа технологиялардың енгізілу жұмысымен танысты. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің сөзінше, әр аялдамада 4 бейнебақылау камералары орнатылған. Олар 30-50 метрге дейін адамның бет-әлпетін, кез келген іс-қимылды жақындатып көрсете алады.

«Вандализммен күрес үшін камераларды орнатып жатырмыз. Жақын арада оларды Жедел басқару орталығына қосамыз. Сонда мемлекет мүлкін бүлдіргендерді тез арада тауып алуға мүмкіндік туады», — деді ол.

Сонымен қатар нысанның ішінде телефонды қуаттағыштар мен автобустардың бағыттарын, қозғалысын көрсететін бағдарламасы бар монитор қойылған. Тегін Wi-Fi орнату мақсатында ірі компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

«Аялдамалар автобустар жүретін уақытта ғана ашық болады. Бұл — тазалықты, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жасалатын амал», — деді бөлім басшысы.

Алдағы уақытта шаһардағы барлық аялдамаларды бірыңғай келбетке келтіру жоспарлануда.

Шаһар басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды тездетуді тапсырды.

Ал тұрғындар аялдамаларға жарнама ілу, сындыру, тәртіп бұзу фактілері бойынша 109 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

Айта кетейік, былтыр Қонаевта 34 жаңа аялдама қойылған.

 

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments