Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeБілім және ҒылымҚазақстандықтардың бұрынғы уақыт белдеуін қайтару талабы: үкімет петицияны қарауы мүмкін бе?

Қазақстандықтардың бұрынғы уақыт белдеуін қайтару талабы: үкімет петицияны қарауы мүмкін бе?

Бүгін сенат кулуарында вице-премьер Серік Жұманғарин министрлер кабинетінде бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция қашан қаралатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған QazNews.kz хабарлайды.

Жұманғарин петицияға 50 мыңнан астам қол жиналғандықтан, енді үкімет оны қарауға міндетті екенін айтты.

«Бұл процессуалдық мәселе және бұл заң бойынша тиісті жұмыс тобы жиналып жатыр, біз бұл өтінішті петицияның авторын, екі тараптың белсенді сарапшыларын, ғалымдарды, бірінші кезекте жауапты тұлғаларды шақырып, қараймыз. Бұл петицияны қарауға бізде 40 күн бар, сондықтан нәтиже жақын арада белгілі болады. Жұмыс тобында қандай шешім шығарылса да, соны негізге аламыз», — деді премьер-министрдің орынбасары.

Айта кетейік, өткен аптада қазақстандықтар бірыңғай уақыт белдеуіне қарсылық білдіріп, петиция тиісті мемлекеттік органның қарауына жіберілу үшін қажетті 50 мың дауыс жиналған еді.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments