Сейсенбі, 27 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетКүндерекҚазақстандықтар Наурыз мейрамында қанша күн демалады

Қазақстандықтар Наурыз мейрамында қанша күн демалады

                                  фото. ҚТЖ баспасөз қызметі 

Бір аптадан кейін елімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланады. Мейрамға орай, ел тұрғындарын қосымша демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды QazNews.kz

Жылда елімізде Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биыл 22, 23 наурыз сенбі және жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбіге) ауыстырылды.

Осылайша, бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар 21, 22, 23, 24, 25 наурыз күндері, ал алты күн жұмыс істейтін тұрғындар 21, 22, 23, 24 наурыз күндері демалады. Сейсенбі, 25 наурыз олар үшін жұмыс күні болып саналады.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр