Енді әлеуметтік қолдау шаралары отбасының нақты тұрмыс деңгейіне қарай көрсетіледі. Ол үшін Жанұяның цифрлық картасы пайдаланылады, деп хабарлайды qaznews.kz.
Жаңа жүйе бойынша қазақстандықтар әлеуметтік жағдайына қарай бес санатқа бөлінеді. Мемлекеттік қолдау ең алдымен табысы төмен және көмекке мұқтаж отбасыларға бағытталмақ.
Ал әлеуметтік жағдайы жақсы деп танылған А және Б санатындағы азаматтарға жәрдемақы мен қосымша әлеуметтік көмек қарастырылмайды.


