Сәрсенбі, 28 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарҚарқарада Мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды

Қарқарада Мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды

Кеген ауданының Қарқара ауылында Спорт залымен біріктірілген Мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды QazNews.kz

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алиев Данияр Абзалиденұлы, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Қарқара ауылында мәдениет үйінің жоқтығы – ауыл тұрғындарының көптен бері көтеріп келе жатқан мәселелерінің бірі болған.

Мәдениет үйінің ашылуы

Жаңа мәдени нысан ауыл халқының бос уақытын тиімді пайдалануға, іс-шара өткізуге арналған.

Іс-шараға жиналған көпшілік мәдениет үйінің ішін аралап, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, спорттық іс-шаралардың жеңімпаздарының марапаттау рәсіміне қатысты.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр