Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары тағы да сатылымға шықты, деп жазады QazNews.kz
Аукционды E-Qazyna порталында 26 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 11:00-де өткізу жоспарланып отыр.
Ал бастапқы бағасы — 26 миллиард 706 миллион теңге.
Еске салайық, бұған дейін де, яғни биыл қарашада Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары 28 млрд теңгеге аукционға қойылды. Алайда бұл аукцион өтпей қалған, себебі ешкім тіркелмеген. Араға бір ай уақыт салып, бағасын төмендетіп, нысан қайтадан сатуға шығарылып отыр.
