Сейсенбі, 18 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпОқушыларға хиджабпен және діни киіммен мектепке келуге болмайды – министрлік

Оқушыларға хиджабпен және діни киіммен мектепке келуге болмайды – министрлік

Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты талаптарды тағы бір рет еске салды. Ведомствоның мәліметінше, хиджаб пен өзге де діни сипаттағы киім элементтері мектеп формасының құрамына кірмейді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Министрлік мұндай жағдайларда алдымен білім беру ұйымы оқушының ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс деп түсіндірді. Егер талаптардың бұзылуы жалғаса берсе, ата-аналар немесе заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесіне де өзгерістер енгізіледі.

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2–4 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді. Сондай-ақ бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) атауы да қолданыстан шығады. Дегенмен әр бөлім аяқталғаннан кейін оқушылардың білімі тексеріліп отырады. Енді бұл үдеріс «аралық бағалау» деп аталады.

Оқушылардың білім деңгейі бақылау жұмыстары, диктанттар, мазмұндамалар және шығармалар арқылы да бағаланады.

Жаңа тәртіп бойынша тоқсандық бағаның 50 пайызы қалыптастырушы бағалау нәтижелерінен, ал қалған 50 пайызы аралық бағалау жұмыстарының қорытындысынан құралады.

Ал 1-сынып оқушыларына бұрынғыдай баға қойылмайды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр