Сейсенбі, 18 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпЭтникалық қазақтарға берілетін визалардың мерзімі қысқаруы мүмкін

Этникалық қазақтарға берілетін визалардың мерзімі қысқаруы мүмкін

Қазақстанда этникалық қазақтарға арналған С1 және С10 санатындағы визалардың қолданылу мерзімін қысқарту ұсынылды. Бұл өзгеріс Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығына енгізілмек, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Құжат жобасын әзірлеушілердің мәліметінше, бастама визалық саясатты жетілдіруге, көші-қон процестерін бақылауды күшейтуге және визалардың әрекет ету мерзімін олардың берілу мақсатына сәйкестендіруге бағытталған.

Қолданыстағы тәртіп бойынша С10 санатындағы виза этникалық қазақтарға Қазақстанға жеке мақсатпен келу үшін беріледі. Бір реттік визаның жарамдылық мерзімі 90 тәулікке дейін болса, көп реттік виза үш жылға дейін рәсімделуі мүмкін. Ал алғаш рет берілетін көп реттік визаның мерзімі бір жылдан аспайды.

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар аталған визалардың қолданылу мерзімін қысқарту мәселесін қарастырып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр