Халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға қайтып келе жатыр. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Журналист жариялаған видеода блогердің жанында ер адам отырғаны көрінеді. Михаил Козачковтың болжамынша, ол Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Қайсар Камза 10 қаңтарда халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы Pinco интернет-казиносын жарнамалап, құмар ойындарға қатысуға шақыратын сілтемелер мен жеке промокодын жариялаған.
Ал блогердің өзі бұған дейін өзіне қатысты іздеуді негізсіз деп атап, не себепті қудаланып жатқанын түсінбейтінін мәлімдеген.


