Дүйсенбі, 12 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпБельгия королі Қазақстанға қарапайым ұшақпен келген

Бельгия королі Қазақстанға қарапайым ұшақпен келген

11 қазанда Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Корольдік жұптың Қазақстанға Air Astana әуе компаниясының рейсімен жетуі назар аудартты, деп хабарлайды qaznews.kz dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, Бельгияның үкіметтік әуе паркі бар. Оның құрамында A321 және Falcon үлгісіндегі ұшақтар бар. Алайда бұл сапарға қатысатын делегацияның құрамы ауқымды болған. Қазақстандық тараптың делегациясында 110 адам, оның ішінде 25-тен астам компанияның бас директоры, ректорлар мен министрлер болғандықтан, ұзақ қашықтыққа ұшатын кең фюзеляжды чартерлік ұшақ қажет болған.

Корольдік жұптың Air Astana рейсімен келуінің символдық мәні де болуы мүмкін. Биыл маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге сапары кезінде авиация саласындағы келісімге қол қойылып, Air Astana компаниясының құны 7,145 млрд еуро болатын ұшақтарға тапсырысы мақұлданған еді.

Осы тұрғыдан алғанда, корольді қазақстандық әуе компаниясының ұшағымен қарсы алу екі ел арасындағы серіктестікті көрсететін дипломатиялық ишара ретінде бағалануы мүмкін.

Мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында қарсы алды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр