Йемендегі хуситтер демалыс күндері Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежайға екі рет шабуыл жасады. Алғашқы соққыдан кемінде 13 адам қаза тауып, 300-ден астамы жараланды, деп хабарлайды qaznews.kz.
Екінші шабуылдан тағы бір адам көз жұмып, 11 адам зардап шекті.
Сауд Арабиясының билігі шабуылдардың бірінен кейін әуежай терминалдарының бірінде өрт шыққанын хабарлады. Сондай-ақ әуежай маңында зымыранның ұсталғаны айтылды.
Хуситтер Сауд Арабиясындағы нысандарға соққы беруді жалғастыратынын мәлімдеді. Топ елдегі әуежайларды ықтимал нысана ретінде қарастыратынын ескерткен. Алайда Мекке мен Мәдина қалаларындағы әуежайлар бұл тізімге кірмейді.


