Алматыда басына пакет кигізілген ер адамның мәйітін тұрғын үйдің кіреберісінен алып шыққан сәт түсірілген видеоға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды qaznews.kz.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 61 жастағы қала тұрғынының өліміне байланысты болған.
Аталған қылмысқа қатысты төрт адам ұсталды.
Тергеу барысында күдіктілердің марқұмның пәтерін заңсыз иеленуге қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.
Қазір барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауына алған.


