Бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 36 жастағы ер адамның туыстарымен бірге түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды qaznews.kz.
Зардап шеккен азаматтың әпкесінің айтуынша, қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық. Ол дәрігерлердің бақылауында болып, ем қабылдауды жалғастырып жатыр.
Сондай-ақ әйел Бақытжан Базарбектің отбасы жанынан табылып, қажетті көмек көрсетіп жатқанын айтты.
Өз кезегінде экс-депутат әлеуметтік желі қолданушыларын расталмаған ақпарат пен қауесеттерді таратпауға шақырды.
Оның сөзінше, зардап шеккен азаматтың жағдайы тұрақталғаннан кейін әрі қарайғы ем-домын ұйымдастыруға көмектеседі. Атап айтқанда, қажет болған жағдайда Астана мен Алматы қалаларындағы нейрохирургиялық орталықтарда ем алу мәселесі қарастырылмақ.
Бақытжан Базарбек оқиғаға қатысты барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Еске салайық, күні кеше Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын.


