Сейсенбі, 20 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАстанада ұйым бухгалтері 89,7 млн теңгені жымқырған

Астанада ұйым бухгалтері 89,7 млн теңгені жымқырған

Астанада ұйымның бас бухгалтері өзіне тиесілі жеке кәсіпкерліктің шотына заңсыз түрде 89,7 млн теңге аударған. Қылмыстық істі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады, деп хабарлайды qaznews.kz.

Сот айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар оған 10 жыл бойы материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сот жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандырып, сотталған азаматтан 89,7 млн теңге өндіру туралы шешім қабылдады.

Бұдан бөлек, ұйымдағы ішкі қаржылық бақылау жүйесінде бірқатар кемшілік анықталуына байланысты сот мекеме басшылығына қатысты жеке қаулы шығарды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр