Сейсенбі, 20 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАбай облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға 100-ден астам рет зорлық-зомбылық жасалған

Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға 100-ден астам рет зорлық-зомбылық жасалған

Абай облысының Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаларға жүйелі түрде күш көрсетіліп, психологиялық қысым жасалған, деп хабарлайды qaznews.kz.

Прокуратура жүргізген тексеру кезінде санитарлардың балалардың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оларға күш қолданғаны анықталды. Сонымен қатар кейбір қызметкерлер заңсыз әрекеттерді көре тұра, оны тоқтатуға тырыспаған.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іске қатысы бар адамдар қызметінен шеттетілді. Сондай-ақ олардың тәрбиеленушілермен байланысуына шектеу қойылды.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр