Қазақстан Көлік министрлігі Астана әуежайында жасанды интеллект көмегімен жолаушылардың жеке басын биометриялық деректер арқылы растау жүйесін сынақтан өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды qaznews.kz.
Жаңа жүйе әуежайдағы қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Ол жолаушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартып, ұшар алдындағы рәсімдерден өтуді жеңілдетуге және әуежайдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жоба қоғамдық талқылауға шығарылды. Талқылау 2026 жылғы 4 қарашаға дейін жалғасады.


