Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Жетісу университеті мен БҰҰ Тұрақты даму қоры меморандумға қол қойды

    3 декабря, 2025

    «Кит өлген Жаңа Зеландиядан май тасимыз» — Ермұрат Бапи Үкіметті сынға алды

    3 декабря, 2025

    Жаңа Цифрлық кодекс: қазақстандықтар деректерін өшіруді талап ете алады

    3 декабря, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Среда, 3 декабря
    • Басты
    • Саясат

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды
    Жаңалықтар

    Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

    30 апреля, 2025998 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Келесі жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне қатысты мәселелер Астанада өткен ауқымды салық форумында кеңінен талқыланды. Іс-шараны «Налоги Казахстана» қауымдастығы ұйымдастырды. Форумға 1500-ден астам қатысушы — кәсіпкерлер, бухгалтерлер, заңгерлер, салық саласының сарапшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды.

    Форумның басты мақсаты — мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалог орнатып, реформаның негізгі тұстарын талқылау және шағын және орта бизнестің (ШОБ) салықтық әрі құқықтық сауаттылығын арттыру.
    Іс-шараны Instagram-да миллионнан астам жазылушысы бар заңгер және салық кеңесшісі Екатерина Ким (@nalogialmaty) ұйымдастырды. Ол форумда кәсіпкерлерге кассалық әдіске көшу туралы ескертіп, «егер бизнес иелері уақытында дайын болмаса, салықты артық төлеуге мәжбүр болады» деп мәлімдеді.

    Форумда Қазақстанның жетекші сарапшылары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері сөз сөйледі. Атап айтқанда:
    • ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов
    • МКК цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Ержан Мустафин.
    Сондай-ақ салық және бухгалтерлік есеп саласындағы тәжірибелі сарапшылар:
    Максим Барышев (Uchet.kz), Respublica партиясының тең төрағасы, Сәкен Қарин (Қазақстанның Салық кеңесшілері қауымдастығы), Анастасия Макова (МАКБУХ), Айжан Балакешова (БК Audit), Ульвия Касумова (SHYMBUH), Айдар Масатбаев (Salyqtez) және салық қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Дмитрий Казанцев.

    Форум барысында жаңа Салық кодексіндегі басты өзгерістер — кассалық әдіске көшу, ҚҚС мөлшері, арнайы салық режимі (АСР), көлеңкелі экономиканы азайту және салық жүйесінің ашықтығы кеңінен сөз болды. Қатысушылар көптеген кәсіпкерлердің салықтан жалтаруы мәселесін көтеріп, бұл жаңа реформалардың жүзеге асуына қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.

    Мысалы, балалар үйірмелеріне салық салу ұсынысы қоғам тарапынан сынға ұшырап, форум барысында қайта қаралды. Бұл — билік пен бизнес арасындағы диалогтың нақты нәтижесі. Сонымен қатар, медициналық қызметтер мен банктік операцияларға ҚҚС енгізу туралы ұсыныс та алаңдаушылық туғызды.

    Астанада өткен бұл форум салық реформасына дайындық пен бизнес қауымдастығының үнін есту үшін маңызды алаң болды. Екінші жыл қатарынан өтіп жатқан бұл іс-шара елдегі салық саясатының ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам ретінде бағаланды.

    Сарапшылардың айтуынша, басты мақсат — реформалар арқылы салықтан жалтауды тоқтатып, ШОБ-ты ашық жұмыс істеуге ынталандыру. Ол үшін заңнаманы түсіндіру, қолдау тетіктерін дамыту және бизнеске түсінікті салық жүйесін қалыптастыру қажет.

    Астана кәсіпкер Максим Барышев салық салық кодексі форум
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Жетісу университеті мен БҰҰ Тұрақты даму қоры меморандумға қол қойды

    3 декабря, 2025

    «Кит өлген Жаңа Зеландиядан май тасимыз» — Ермұрат Бапи Үкіметті сынға алды

    3 декабря, 2025

    Жаңа Цифрлық кодекс: қазақстандықтар деректерін өшіруді талап ете алады

    3 декабря, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 554 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 378 Views
    Оқылып жатыр
    3 декабря, 2025

    Жетісу университеті мен БҰҰ Тұрақты даму қоры меморандумға қол қойды

    Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Италия Республикасының Қазақстандағы Миссия басшысының орынбасары Аниелло Петито бастаған италиялық…

    «Кит өлген Жаңа Зеландиядан май тасимыз» — Ермұрат Бапи Үкіметті сынға алды

    3 декабря, 2025

    Жаңа Цифрлық кодекс: қазақстандықтар деректерін өшіруді талап ете алады

    3 декабря, 2025

    Алматы қаласында Мінбердің кезекті тренингі өтеді

    3 декабря, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.