Сейсенбі, 6 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАстанада бірден бес көлік өртеніп кетті

Астанада бірден бес көлік өртеніп кетті

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің маңындағы автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға бүгін елорданың Сарайшық ауданында болған. Тұрғын үй кешенінің жанындағы ашық автотұрақта тұрған жеңіл көліктерден өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде көліктер ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан от көрші көліктерге тез тарап, жалпы саны бес автокөлікті шарпыған.

Құтқарушылар өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр