Ақмола облысында бірден екі әкім қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың 21 қыркүйектегі өкіміне сәйкес, Степногорск қаласының әкімі Ғайдар Қасенов пен Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжанов атқарып отырған қызметтерінен босатылды.
Әкімдердің қандай себеппен қызметтен кеткені әзірге хабарланған жоқ.


