Сәрсенбі, 18 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетКүндерекОл әр гүлге жан жылуын, көңіл шуағын қоса құяды: Жетісу тұрғыны ауласына...

Ол әр гүлге жан жылуын, көңіл шуағын қоса құяды: Жетісу тұрғыны ауласына 60-тан астам гүлдің түрін екті

Жетісудың облыс орталығы Талдықорған қаласының тұрғындары көпқабатты үйлерінің ауласын гүлденген баққа айналдырды. Олар үйдің кіреберіс тұсына жыл сайын сан түрлі гүлдер өсіреді. Бұл гүлдер қара суық түскенше өңін бермейді.

Жетісу тұрғыны

Зейнеткерлердің еңбекқорлығының арқасында «Самал» шағын ауданындағы №11 үйде өсімдіктердің 60-тан астам түрі өсіп тұрған бұл ауланың «Үлгілі» атағына ие болуы да ғажап емес,
Ольга Серебренникова әр гүлге жан жылуын, көңіл шуағын қоса құяды.

 

Ауладағы гүлдер

11 жыл ішінде әуесқой бағбан жүздеген түрлі гүл өсіріп келеді, оның өз туған жері мен өз қаласына деген сүйіспеншілігі көпке үлгі болып отыр, мұндай игі іс бос жатқан жер учаскесін тиімді пайдалансақ деген ниеттен басталған дейді.

Гүлзар ортасындағы Талдықорған тұрғыны

Облыс орталығының тағы бір тұрғыны өз ауласын көгалдандырумен 15 жылдан бері айналысып келеді. Ол 50 сотық жерге үлкен гүлзар жасап, жеміс ағаштарын өсіріп отыр. Ләззат Асанова көшесіндегі № 69 көп қабатты үйдің ауласын бақшаға айналдырды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр