Қазақ ССР-нің халық артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, театр артисі Торғын Жылқышықызы Тасыбекова өмірден өтті, деп хабарлайды QazNews.kz ақпарат агенттігі.
Бойындағы нәзік лиризм, шынайы сахналық ойын, әуезді дауыс, әншілік әсем үн кескіндеген бейнелерін бірден ерекшелендіретін актриса- Қара шаңырақ театр сахнасында жүзден аса роль, сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдаған. Көп жылдар бойы Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясында актер шеберлігі мамандығынан дәріс беріп, шәкірттер даярлаған.
Өнерге арнаған жарты ғасырдан астан ғұмырында актрисаның Қазақ театр және кино өнерінде қалдырған ізі бөлек.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы және жақындарына көңіл айтады, делінген театрдың әлеуметтік желідегі парақшасында.