Сенбі, 7 февраля, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда TikTok пен Instagram-ға жас шектеуі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда TikTok пен Instagram-ға жас шектеуі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қою жоспарланып отыр, деп жазады QazNews.kz

Мәдениет министрлігі әзірлеп жатқан құжатқа сәйкес, TikTok, Instagram, Facebook, Threads, X және VK секілді платформаларға шектеу қойылуы мүмкін.

Министрлік мәліметінше, бұның басты мақсаты балаларды буллингтен, алаяқтардан және басқа да зиянды нәрселерден қорғауды көздейді. Ал WhatsApp пен Telegram-ды еш кедергісіз пайдалана алады.

Айта кетейік, Roblox пен Minecraft әлеуметтік желілерге жатпайтындықтан, оларды шектеу қарастырылмаған. Құжатқа қатысты түзетулер әлі қабылданған жоқ және оны қоғамның талқылауына 29 желтоқсанға дейін шығару жоспарланған.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр