Дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетБілім және ҒылымОқу-ағарту министрі жаратылыстану пәндерін біріктіруге қатысты мәселеге нүкте қойды

Оқу-ағарту министрі жаратылыстану пәндерін біріктіруге қатысты мәселеге нүкте қойды

Алматыда өткен жас ғалымдардың II халықаралық конгресінде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаратылыстану ғылымдарын бір пәнге біріктіру туралы талқылауларға нүкте қойды, деп жазады QazNews.kz

Министрдің айтуынша, физика, химия және биологияны біріктіру туралы ұсыныс талқыланып жатқанымен, мектеп бағдарламасында бұл пәндер жеке қала береді.

«Кейінгі кезде жаратылыстану ғылымдарын бір пәнге біріктіру мәселесі жиі көтерілді. Бұл жөнінде министрліктің ұстанымы айқын: қазіргі таңда пәндер біріктірілмейді. Физика физика күйінде, химия химия күйінде, биология биология күйінде оқытылады», – деді Сүлейменова.

Оның айтуынша, басты мақсат – оқушылардың іргелі ғылымдарды терең әрі жүйелі меңгеруіне жағдай жасау. Осыған байланысты пәндерді біріктіру туралы бастама тоқтатылады.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр