Қазақстанда ең көп өзгеріске ұшырайтын жол қозғалысына қатысты нормалар мен заңдар деп жүрміз. Алайда Ішкі істер министрлігіне қарасты бұл салада реформалар өз тиімділігін көрсетіп отыр ма? Жол жүру ережелеріне жақында тағы да өзгерістер енді. Түзетулер 10 қарашада мақұлданып, 23 қарашадан бастап қолданыла бастады. Бұл мәселеге қатысты сарапшылар не дейді? Толығырақ QazNews.kz материалында.
Автосарапшы Алексей Алексеев бұрынғы жол полициясы қызметін қайтару керек дейді. Тағы бір маман, Қазақстандағы тұңғыш электрокарды құрастырған Таир Балбаев елдегі жол ережесіне қатысты реформалар оң нәтиже бере бастады деп санайды.
Елді мекендерде жүк көліктері үшін жылдамдық 50 километр сағатқа дейін шектелді. Бұл шектеу тек жылдам жүруге арнайы рұқсат беретін — мысалы, 80–90 километр сағат — жол белгілері бар учаскелерге қолданылмайды. Мұндай шара жаяу жүргіншілер қатысатын өлім-жітімді жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған.
Көріну нашарлаған жағдайда — тұман, боран, қарлы бұрқасын, нөсер жаңбыр кезінде — колоннамен жүру ережелері нақтыланды. Енді полиция мен жүргізушілердің міндеттері егжей-тегжейлі белгіленді.
Колонна құрамында қайта құруға, басып озуға және өз бетімен тоқтауға тыйым салынады. Егер колоннада 10-нан астам автомобиль болса, оны екі патрульдік автокөлік міндетті түрде сүйемелдеуі тиіс.
М2 және М3 санатындағы автобустарға қарапайым автобустарға аялдамаларда ғана жолаушыларды түсіруге және отырғызуға рұқсат етілді.
Жол парақтарын электронды форматта қолдануға рұқсат берілді. Сондай-ақ барлық сызбалар, жол белгілері мен таңбалар көрнекілігін арттыру үшін цифрландырылды.
Сарапшы Алексей Алексеев ЖЖЕ-де бір ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер жоқ. Менің пайымдауымша кез-келген өзгеріс жол жүру ережесі мен адамдардың қауіпсіздігіне жұмыс істеуі тиіс. Не өзгерді? Жүк көліктеріне елдімекенде жылдамдықты сағатына 50 шақырымнан асырмау керек. Бірақ олар мұны сақтай ма? Оны қалай анықтайды? Бізде камералар мысалы 60-71 арасындағы жылдамдыққа есептелген, дұрыс па? Ал жүк көліктеріне тағы да басқа бейнекамералары қойыла ма сонда дейді.
“Жүк көліктері арнайы базаға енгізіле ме? Миға қонымсыз. Бұл сұраққа “Сергек” жауап беретін шығар. Ал патрульдік полиция оларды қандай жағдайда анықтауы мүмкін? Алматыда Сайын, әл-Фараби, Шығыс айналма жолында жүк көліктері қатты жылдамдықпен кетіп бара жатады. Соларды ұстауы мүмкін. Болды. Сол сияқты қалада жүк көліктерінен бөлек автобустарға да жылдамдықты шектеу керек. Олар да қатты жүреді”,- дейді жаңа ережелерге қатысты Алексеев.
Басты өзгеріс– полиция патрулінің жол жиегінде тұрып, көліктерді тоқтатуына қатысты талқылау жүріп жатыр. Негізі мұндай құқықтан полиция бұрын да толық шеттетілмеген еді. Олар осы күнге дейін әл-Фараби, қалаға кіре берістерде тұрып, онсыз да тоқтата беретін. Енді мұны ресми түрде енгізіп, заңдастырып беріп отыр, дегенді айтады.
Мен өз басым елге жол полициясы деген қызметті қайтару керек. Жолдағы бейберекеттік артып барады. Бұрын кәсіби жол инспекторлары даярланатын және олар өз қызметін тиісті деңгейде атқара алатын еді. Жол жүру қауіпсіздігі мен оның алдын алу реттелген-ді. Оны атқаратын жол инспекторлары болатын. Ал қазіргі қосылып кеткен патрульдік қызметтің жұмысы мүлдем бөлек болатын, дейді автосарапшы
“Жол белгілері, жол инфрақұрылымын жақсы түсінетін мамандар мен полиция қызметкерлері сиреп барады. Бұл азаматтардың қарсылығы мен түрлі текетірестерге соқтырып отыр. Сондықтан проблема өте көп. Ал жезлді патруль қызметкерлеріне қайтарып берді. Бұл жол полициясына керек. Ал патруль мен жол полицияны бұрынғыдай қайтадан екі құрылым жасамай, реформа тиімділігін көрсетпейді. Полиция ұрыны ұстай ма, жол жүру қозғалысын қадағалай ма? Қайда жүгіреді? Бардак боп кетті”,- деп ой түйіндейді Алексей Алексеев.
Айта кету керек, бұрынғы жол полициясын қысқартқалы статистика да өзгерді. Жол-көлік оқиғалары екі есе артты. Қаза тапқандар, ауыр жараланатындар саны көбейіп келеді. Сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзу баршылық. Әлбетте мемлекет үшін жол ережесін көбірек бұзу – тиімді. Себебі бюджеттің бүйірін шығаратын қаражат түсіп жатыр. Біз бұл бейберекет жағдаймен жүйелі түрде күресу керекпіз. Дамыған елдердің тәжірибесін енгіземіз дейді. Бірақ ол жұмыс істемейді”,- дейді маман.
Енді кеше қараша айында енгізілген өзгерістер салада айтарлықтай реформалар әкелмейді. Көзбояушылық. Полицияның жол жиегінде тұрып, көлікті аңдып тұруы – кері кетушілік емес. Әрине жол ережесін жиі бұзатындарды ұстау, ішімдік, есірткі тұтынатындарды аямау керек. АҚШ-та бұл норма бар және аңдып тұрып ұстап алу тәжірибесі бар. Дамыған елдерде ескертеді. Бізде кішірек екі жол ережесін бұзу фактісіне ескерту қарастырылған. Оның бірі– жарықты сөндіріп жүру. Қалған жағдайда айыппұл салады, деп отыр автомобиль нарығын зерттеуші маман.
Тағы бір сарапшы Таир Балбаев жақында заңға енген толықтырулар мен өзгерістердің 2 жақымды аспектісір көріп отырмын. Қауіпсіздіктің артуы, ал автобустарға қатысты М-2, М-3 категорясындағы жолушылар көлігінің аялдамадан басқа жерге тоқтауға болмайтыны туралы өзгерісі жақсы. Бұл дұрыс шешім. Бұл ЕО елдерінде бұрыннан реттелген. Екіншіден, жүк көліктерінің аумағында жоғары жылдамдықпен жүруіне шектеу қою. Бұл да жақсы бастама, дейді Балбаев.
“Мен автобустар мен жүк көлігіне ЖЖЕ-де жолдың сол жақ жолағымен мүлдем жүруге тыйым салуды ұсынар едім. Бұл Кеңес уақытында болған норма. Кейін алып тастады. Ал қағаз түріндегі жол парақшасына қатысты өзгерісті де құптаймын. Шынымды айтсам бұл нәрсенің мүлдем қажеті жоқ. Жеке компаниялар үшін де тиімсіз. Бұл бақылаудың құралы ғана. Алда мұны алып тастайды деп үміттеннемін”,- дейді сарапшы.
Полиция қызметкерлерінің жол жиегінде тұрып көліктерді тоқтатуы, аңдуы және тексеруі – ескілікке оралу. Бұл жемқорлыққа жол ашатын жол және әдет. Осы арқылы кез-келген көлікті негізсіз тоқтатып тексеру – жүргізушінің құқығын бұзу деп ойлаймын. Жүргізушілердің азаматтық құқығы туралы айтып отырмын. Ал қалада қандайда бір операция, алдын алу шаралары жүріп жатыр деген сылтау ғана. Негізгі мақсат барлығын жаппай тексеру. Бұл ешқандай елде жоқ. Ең қолайсыз әдіс әрі дәл қазіргі қоғамға керек емес бастама деп ойлаймын, дейді Таир Балбаев.
Жалпы ҚР ІІМ саласында жүріп жатқан реформалар керек. Бағыт дұрыс. Қылмыс пен қоғам тыныштығының алдын алу қашанда маңызды. Сондықтан жылсайын енетін әрбір өзгерістің тиімділігі сынақ кезінде байқалады. Ал полицияның, учаскелік инспектор мен басқа да қызметкерлердің жұмысы оңтайландырады деген бастамалар дұрыс. Алайда мұның барлығының нәтижесін 2026 жылы көреміз. Жалпы бізде барлық бастамалар қағазда мінсіз, ал оның жүзеге асуына келгенде – реформаның кейбір тиімсіз жақтары көрініп қалады. Ол осындай реформалардың пайдалы жақтарын жуып-шайып кететіні өкінішті, дейді автомобиль сарапшылары.
