Қытай астанасында желіні де, жол салу саласының мамандарын да таңғалдырған ерекше оқиға болды. Тек бір түн ішінде жұмысшылар 8 мың тонна асфальт төгіп, айналма жолдың 2,4 шақырымын бар болғаны алты сағатта толық жаңартты, деп жазады QazNews.kz carvix сайтына сілтеме жасап.
ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин «Қытай жылдамдығы» атты видеоролик жариялап, кең көлемді жұмыстың қалай жүргізілгенін көрсетті. Бейнетаспада Бейжіңнің төртінші айналма жолын жаңарту барысы және мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар көрсетілген.
Желіде жарияланған видео қазіргі технология мен дұрыс ұйымдастыру кез келген күрделі істі шындыққа айналдыра алатынын дәлелдеді.
Жөндеу жұмыстары түнгі сағат 00:00 шамасында басталып, алты сағаттан кейін толық аяқталған. Жылдамдықты қамтамасыз ету үшін ауыр техниканың бірнеше түрі тартылған:
- жаңа асфальтты жедел төсеуге арналған асфальтоукладшылар;
- жолды нығыздайтын катоктар;
- асфальтты тоқтаусыз жеткізіп тұрған жүк көліктері;
- ескі жабынды алатын арнайы машиналар.
Алдын ала жоспарланған логистика материалдың тоқтаусыз жеткізілуіне жағдай жасап, жобаның рекордтық мерзімде аяқталуына негіз болған.
Мамандар мұндай жобалар тек мүмкіндікті көрсету үшін емес, экологиялық жағдайды жақсартып, кептелістің алдын алу үшін де аса маңызды екенін айтады.
