фото. Egemen.kz
Қазақстан — сан ғасырлық
тарихы мен мәдениетіне
бай ел. Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлер мен
ұлттық құндылықтар — қазақ
қоғамының рухани өзегі.
Алайда, жаһандану мен
урбанизация дәуірінде ұлттық
болмысты сақтау және оны
заманауи өмірмен ұштастыру
— үлкен сын.
Кейбір жастар ұлттық киім,
ұлттық музыка немесе салт-дәстүрлерге мән бермей,
батыстық мәдениетке көбірек
қызығушылық танытады.
Бұл ұлттық бірегейліктің,
әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, кей дәстүрлердің заманауи өмірге бейімделмеген
нұсқалары жастар арасында
түсініспеушілік туғызады.
Керемет мысал келтіругеде болады, 2024 жылғы жазғы олимпиада
ойындарында Моңғолия құрамасы
керемет парадтық формамен әлемді өзіне қаратып европа,
азия,америкалық сән дизайнерлерінің ауызын
айқара аштырды. Бұл құраманың дизайнері өте керемет
жұмыс атқарғанын байқадық, ұлттық нақыштарын,
ою өрнектерімен, көшпенділердің рухын заманауи стильде
киімге ұштастырған. Сол секілді біздеде дизайнерлер
жұмысын бағалап жіті бақылап қолдау көрсетуіміз керек.
Қанша дегенмен соңғы жылдары
ұлттық стильге қайта бет бұру байқалуда. Жастар арасында
шапан кию, домбыра үйрену,
ұлттық тағамдарды насихаттау
сәнге айналды. Дизайнерлер мен енер адамдары қазақи
нақыштағы заманауи үлгілерді енгізіп, дәстүр мен қазіргі өмірді ұштастырып жүр.
Ұлттық дәстүрлерді сақтау тек мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірде де көрініс табуы керек. Мектеп
бағдарламасына этномәдени
білім беру, әлеуметтік желі арқылы ұлттық стильді
насихаттау — бұл бағыттағы
тимді қадамдар.
Авторы: Дінасыл Хамит