Жексенбі, 15 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетӘлемАҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды - БАҚ

АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

Америкалық делегация өкілдері 11 наурызда Сауд Арабиясындағы Украинамен келіссөзде сирек кездесетін металдар туралы келісімге қол қоюды кейінге қалдырды, — деп хабарлайды QazNews.kz  «Суcпiльне» басылымына сілтеме жасап.

«Келісімді Украина үкіметі мақұлдады, сондықтан оны үстелге қойдық, себебі олар да (АҚШ делегациясы — еск.) Вашингтонға нақты нәтижемен оралса екен дедік», — деп мәлімдеген жағдаймен таныс дереккөз басылымға.

Оның айтуынша, америкалық делегациядан үзіліс алып, бірден егжей-тегжейлі келісімге көшу туралы ұсыныс түскен.

Айта кетейік, 11 наурызда Сауд Арабиясындағы америкалық және украиналық делегациялардың кездесуінің қорытындысы бойынша АҚШ Украинаға әскери көмек беруді қайта бастау туралы шешім қабылдады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр