Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

    20 января, 2026

    Шетелдік студенттердің шоғырлануы Алматыға қандай салмақ түсіріп отыр?

    20 января, 2026

    Хромтауда дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

    20 января, 2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 20 января
    • Басты
    • Саясат

      Газа мәселесі: Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесіне шақырды

      19 января, 2026

      Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиенінің меншігіне өтті

      13 января, 2026

      Соловьёвтің даулы сөзі: қазақстандық саясаттанушы қандай қауіпке назар аударды?

      13 января, 2026

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      «Шектеу қоятын кез келді» – Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі бейәдеп контент туралы

      20 января, 2026

      Әскери қызметтегі азаматтарға несие берілмеуі мүмкін

      19 января, 2026

      Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды

      15 января, 2026

      «Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды» — Бибігүл Жексенбай

      15 января, 2026

      Мәжілісте Қытай көліктеріне қойылатын талаптарды күшейту ұсынылды

      14 января, 2026
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден өтті
    Жаңалықтар

    Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден өтті

    Мәдениет қайраткері 79 жасқа қараған шағында бақилық болды
    12 марта, 2025908 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Даңқты күйші, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары  Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды QazNews.kz

    Бұл  қаралы хабарды кеше Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ресми тұлғалары жеткізді.

    «Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары – Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады.Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол – Халық қаһарманы, күйші, композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға. Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды. Дариға Тілендиеваның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады. Жақындарына сабыр, марқұмның рухына мәңгілік тыныштық тілейміз», – делінген көңіл айту жеделхатында.

    Ал бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

    Дариға Тілендиева 1946 жылы 4 тамызда Жетісу облысы Көксу ауданына қарасты Ақтекше ауылында туған. «Қазақфильм» киностудиясының 2 жылдық курсын, кейін Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген.

    «Қазақфильм» киностудиясының актрисасы болған, сондай-ақ «Отырар сазы» оркестрінде қызмет істеген. Нұрғиса Тілендиев атындағы халықаралық қоғамдық қорды басқарған.

    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

    20 января, 2026

    Шетелдік студенттердің шоғырлануы Алматыға қандай салмақ түсіріп отыр?

    20 января, 2026

    Хромтауда дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

    20 января, 2026
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 281 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    20 января, 2026

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

    Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі ықтимал,  деп жазады QazNews.kz Қазақстан мен Еуропа одағы арасында виза рәсімдерін…

    Шетелдік студенттердің шоғырлануы Алматыға қандай салмақ түсіріп отыр?

    20 января, 2026

    Хромтауда дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

    20 января, 2026

    Қазақстанда вице-президент пайда болады

    20 января, 2026
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2026 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.