Тарихты тарихқа жалғаған атаулы қойылым, ел жүрегі мен санасын бір дүр сілкіндірді.Сахнада сынған домбыра, қыз мұңы, зар илегенжазықсыз жандар, Сал серінің айта алмай кеткен назы мен ішкі арпалысы осының барлығы «Теміртас» реквиемінде сахналанды.
Спектакльді белгілі театр режиссері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Фархад Молдағали қойды. Бұл жерде Біржанныңөмірі емес, өнерінен сыр шерткен аспап, қимыл, жан сөйледі. Күллі қазақ халқының сол дәуірдегі тұрмыс тіршілігі айтылды.
Қазақтың ұлттық әрі классикалық өнерінің жарық жұлдызының асыл мұрасы: «Теміртас» әні – жыршының жан жүрегінен шыққан ең әсерлі туындыларының бірі десек болады. ХІХ ғасырда өмір сүріп, Арқаның әншілік мектебінқалыптастырып, қазақ музыкасын жаңа шыңға көтерген сазгердің шығармашылығы қойылымда тұтас бір поэтикалық әлемге баурады.
Ансабльдің жанды саф үні, пластика қойылымда өз орнын тауып, қазақ даласының, сол заманның шексіз мұңын сездірді. Оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған әндер, жыршының дауысындағы тереңдік пен шынайылық, ұлттық бимен заманауи contemprory—дің селбестігі әрбір келушінің жүрегін тербеп, айтылмас рухани ләззат сыйлады.
Ең ерекшесі өткен мен бүгінді түйістіріп, өзекті әлеуметтік мәселелерді көтерген сахналары болды. Қанша уақыт өтсе де қоғамды жайлап алған іш қынжылтар келеңсіздіктер әлі де бүгінгі күннің шындығымен астасып жатқаны көрінді.
Ортадағы қақтығыс және уайым тек сахнада ғана емес, көрермендер залында да сезілді.Қойылым соңында көрермендердің қошеметі пен тамсанған жүздері өнердің құдіретін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бүгінде «Теміртас» қойылымы – сазгердіңрухын қайта тірілтіп, ұлттық өнердің асыл мұрасын жаңа қырынан танытып, қазіргі заманның рухани қажеттіліктерімен ұштастыра білді. Мұндай қойылымды назардан тыс қалдыруға болмас, сондықтан «Алатау» дәстүрлі өнер театрының репертуарын, жаңалықтарын қарап жүріңіз!