Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Румынияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс мәреге жетті

    17 июля, 2025

    Алматы жолдарынан жарты жылда 400 сынама алынды

    12 июля, 2025

    Ұлттық болмыс пен заманауи стильдің үндестігі

    9 июля, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Четверг, 31 июля
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Алматы жолдарынан жарты жылда 400 сынама алынды

      12 июля, 2025

      Алматы жолдарының сапасы: бақылау мен жауапкершілік қатар жүруде

      23 июня, 2025

      Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

      15 мая, 2025

      Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

      3 мая, 2025

      Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

      30 апреля, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Референдумнан кейін қазіргі үкімет құрамы ауыса ма — Президент Тоқаев
    Күндерек

    Референдумнан кейін қазіргі үкімет құрамы ауыса ма — Президент Тоқаев

    6 октября, 2024535 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС референдумынан кейін Үкімет құрамының ауысуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды QazNews.kz

    Президенттің айтуынша, жаңа үкіметтің жұмысына тек жеті ай ғана болғандықтан, олардың жұмыс нәтижелерін толық көрсетуі үшін уақыт қажет.

    «Менің ойымша, үкімет белсенді жұмыс атқарып жатыр. Мемлекет басшысы ретінде мен берген тапсырмаларды жүзеге асыруда. Біздің жұмыс кестеміз өте тығыз, БАҚ арқылы елде атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар болып отырамын. Сонымен қатар министрлердің және үкімет басшыларының жұмысына қатысты кемшіліктерін айтып отырамын. Жеті ай – аз уақыт. Қазіргі үкімет құрамы өздерінің нақты жұмыстарын көрсетуі керек. Басты міндет – еліміздің экономикалық өсу көздерін іздеу», – деп мәлімдеді Тоқаев.

    Мемлекет басшысы үкіметтің басты мақсаты – елдің экономикалық дамуының жаңа көздерін табу екенін атап өтті. Бұл міндет орындалмайынша, құрамның ауыстырылуы туралы сөз қозғау ертерек.
    Айта кетейік, қазіргі үкімет құрамы 2023 жылдың 30 наурызында Президенттің жарлығымен қайта сайланған болатын. Жаңа құрамда 20 министр қызмет етуде, оның ішінде кейбір министрлер өз қызметтерін жалғастырса, бірқатары жаңадан тағайындалды.

    Еске салайық, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсайтыны хабарланды.

    Кейінірек Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанда АЭС салу бойынша өтетін референдумда бір ғана сұрақ қарастырылатынын айтты. Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.

    Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.

    Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.

    референдум Тоқаев Үкімет
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

    17 апреля, 2025

    Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

    27 марта, 2025

    Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

    27 марта, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 552 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 271 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 374 Views

    Ораза айтта 9 күн демалыс жарияланды

    27 марта, 20252 012 Views
    Оқылып жатыр
    17 июля, 2025

    Румынияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс мәреге жетті

    2025 жылғы 4-14 шілде аралығында Бухарест (Румыния) қаласында тоғызқұмалақтан 13, 15, 17 жасқа дейінгі ұлдар…

    Алматы жолдарынан жарты жылда 400 сынама алынды

    12 июля, 2025

    Ұлттық болмыс пен заманауи стильдің үндестігі

    9 июля, 2025

    «Агенты влияния»: казахстанские школьники впервые приняли участие в престижном дебатном чемпионате AWSDC

    5 июля, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.