Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Түркі тарихы мен мәдениеті қоры «TÜRKTAV» Еуропада алғашқы халықаралық іс-шарасын жүзеге асырды

    23 мая, 2025

    Шекаралық аудан шаруашылығы: Қой қазақыланса, картоп еуропаланып жатыр

    20 мая, 2025

    Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

    15 мая, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Среда, 4 июня
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

      15 мая, 2025

      Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

      3 мая, 2025

      Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

      30 апреля, 2025

      Сенатор Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24 апреля, 2025

      «Debat Eli Academy»: Жазғы маусымдағы зияткерлік демалыс

      10 апреля, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Ұлттық Ұлан сарбаздары ант қабылдады
    Күндерек

    Ұлттық Ұлан сарбаздары ант қабылдады

    17 июля, 2024123 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әскери өмірдің айбыны саналатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 32 жыл қатарынан ел игілігі мен қоғамдық қауіпсіздік жолында табанды түрде қызмет етіп келе жатыр. Ширек ғасыр бойы өз қызметін мінсіз атқарған қуатты құрылымның қатары биыл да жас сарбаздармен толығып отыр.

    Өткен сенбіде Алматының қақ төрінде орын тепкен5571 әскери бөліміне кеше ғана аяқ басқан жас сарбаздардың ант қабылдау шарасы өтті. Әскери ант қабылдау – Қарулы Күштердің қатарына қосылған әрбір жас сарбаздың басынан өткеретін рәсімі. Көпшілік алдында ел қорғауға әзір екендерін салтанатты түрде мәлімдеудің жауапкершілігі жоғары екені белгілі. Осы күндері 2024 жылдың бірінші шақырылым сарбаздары әскери бөлім аумағында түрлі оқу әдістемелік жиындарына қатысып, әскери тәртіпке бағынып, Жарғыға сай жүріп-тұрудың қыр-сырымен танысып жатқаны белгілі.

    Сап түзеген сарбаздар

    Ұлттық ұланның генерал-майор Талапкер Әміреев басқаратын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери  бөлімінің жас жауынгерлері,маусым айының басынан бастап Жетіген елді мекенінде орналасқан 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында жас жауынгер курсынан өткен болатын. Оқу орталығының жұмысына 5571 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Нұрлан Сүгралиев басшылық жасады.

    Ұлттық ұлан қатарына Астана, Шымкент қалаларынан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Жетісу, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бір ай бұрын шақырылған 600-ге жуықжас сарбаз аз уақыттың ішінде әскери тәртіпке үйреніп, алғашқы дайындық кезеңінен өтті. Ұлттық ұланның міндеттерімен танысты. Әскерге іштей тас-түйін дайындықпен келген кешегі бозбала бүгін сарбаз болып, Отанына адал қызмет етуге ант берді.

    Ант қабылдау шарасы күні оку пункті орналасқан 5574 әскери бөлімнің алаңында салтанатты сап түзеді. Жеке құраманың оркестр ұжымы да салтанатты киімдерін киіп, үрмелі-соқпалы музыкалық аспаптарымен рухты әуендерді әуелетті. Әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы поковник Әлібек Қабешов әскери антты қабылдау шарасынашық деп жариялаған соң, оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Гимн шырқалып, еліміздің көк байрағы көтерілді. Мемлекеттік туды көтеру құқығы 3 оқу ротасының үздік сарбазы қатардағы жауынгер Ерасыл Нышанбайға берілді.

    Тиісті бұйрық берілген соң сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдауға кірісті. Кенет, бір мезетте бірінен соң бірі тартылған сымдай тізіліп, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқаруға серт берген сарбаздардың жарқын дауыстары әскери бөлім аумағын жаңғырта жөнелді.  

    Жалынды дауыстардан жігерленген жігіттердің қатарында ғажайып өлке, шырайлы Шымкент шаһарынан келген жас сарбаз Димаш Бейбітов теболды. Теміржолсаласындағы «Тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығын меңгерген ол, колледж бітіріп, диплом алған күні-ақ әскерге аттаныпты.Бүгінде 18 жасқа толғанжас жігіт әулетінің абыройын асқақтатып, ата аманатын арқалап келгендей. Өйткені, жауынгердің ант қабылдау шарасына оның атасы Бейбіт Арысбаев ақсақал мен ата-анасы да Шымкенттен ат терлетіп, Алматыға келіпті.

    – Димаш – ұлдан көрген тұңғыш немерем болғандықтан, мен үшін оның амандық-саулығы, Отан алдында атқарған қызметі зор маңызға ие. Сондықтан да мен оның әскери ант қабылдау шарасын көріп, көңіл марқайту үшін арнайы келіп отырмын, – дейді жас сарбаздарға батасын беріп өрелі сөз айтқан 60 жастағы ақсақал.

    Ал Солтүстік Қазақстан облысынан әскерге шақырылып, тап осы күні ант қабылдаған қатардағы Ерсұлтан Ыбыраевтың көңілі асқақ, жүзі жарқын. Оның салтанантты жиындағы осындай келбетін көру үшін Петропавл қаласынан ата-анасы келіпті.

    – Тұңғыш перзентімнің дүниеге келгенін, Ерсұлтанның тәй-тәй басқан шағын көргенде, оның Отан алдындағы әскери ант қабылдау шарасын өз көзімізбен көріп, неге қуанбасқа деп арнайы келдік, –дейді жас сарбаздың әкесі Ерболат Ибраев.

    Жауынгерлік қызметтегі маңызды рәсім аяқталған соң мінберге 5571 әскери бөлімікомандирінің міндетін уақытша атқарушы поковник Әлібек Қабешов,ардагерлер мен балаларының ант қабылдап, сарбаздар қатарына қосылғанын көргелі келген ата-аналар шығып, құттықтау сөз сөйледі.

    – Әскери ант – әскерилер өміріндегі ерекше рәсім. Ант қабылдау арқылы сіздер Отан алдындағы азаматтық борыштарыңызды қалтқысыз атқаруға, Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне адал болуға, әскери және мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға, әскери істі мұқият үйреніп, оның ауыртпалықтарын көтере білуге, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға міндеттеме аласыздар. Алдағы уақытта мемлекет пен халық алдындағы конституциялық борыштарыңызды атқару кезінде барлықтарыңыздың осы қабылданған антты бұлжытпай орындап, әскери қызметтеріңізді абыроймен атқаруларыңызға тілектеспін, – деді поковник Әлібек Қабешов әскери ант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

    Ант қабылдау рәсімі атқа мінер азаматтардың өмірінде бірақ рет болатын тарихи сәт. Бұл рәсім әскерилер үшін ерекше жоралғы саналып, сарбаздардың бойындағы патриотизм, Отанға адал болу, сондай-аққұқықтық тәртіп әскерінің қатарында абыройменқызмет атқару тәрізді қасиеттерге тәрбиелейді. Сайдың тасындай сараланған сарбаздар бұл міндеттердің салмағын анық сезінеді. Олай дейтініміз, олардың саптық жүрісінен, әскери мәдениеті мен темірдей тәртібінен осы жауапкершілік айрықша байқалып тұрды.

    Салтанатты рәсімнен кейін жас жауынгерлер келген қонақтар мен ата-аналарға бір ай көлемінде үйренген жауынгерлік ұрыс, қарумен және қарусыз саптық тәсілдерді орындаудан көрініс көрсетті. Сондай-ақ бөлімнің әскери оркестрінің әуелеген плац-концерті мен дефиле қойылымдары тамашаланды.

    Әскери ант қабылдау шарасы соңында жас жауынгерлерге ата-ана, туыстарымен бірге қала аралап, серуендеп қайту мүмкіндігі берілді. Әскери бөлім басшылығының шешімімен, жауынгерлер жоспар бойынша уақытылы қалаға шығып, белгіленген кезде әскери бөлімге қайта оралды.

    Әскери ант беру дәстүрі – сарбаздың серті және сол сертін халықтың алдында жариялауы. Ант берген сарбаздарға абыройлы қызмет тілеп, анттарыңа адал болыңдар дейміз!

    Подполковник Бақыт ӘЛІПБАЕВ.

    ант қабылдау сарбаздар Ұлттық Ұлан
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

    15 мая, 2025

    Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

    3 мая, 2025

    Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

    30 апреля, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 552 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 266 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 374 Views

    Ораза айтта 9 күн демалыс жарияланды

    27 марта, 20252 012 Views
    Оқылып жатыр
    23 мая, 2025

    Түркі тарихы мен мәдениеті қоры «TÜRKTAV» Еуропада алғашқы халықаралық іс-шарасын жүзеге асырды

    Турин халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы, Алаш сыйлығының иегері Арслан Койчиевтің…

    Шекаралық аудан шаруашылығы: Қой қазақыланса, картоп еуропаланып жатыр

    20 мая, 2025

    Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

    15 мая, 2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    12 мая, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.