Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeӘлемАҚШ-та Дональд Трампқа оқ атылды

АҚШ-та Дональд Трампқа оқ атылды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалды. Бұл туралы әлемдік БАҚ жазып жатыр, деп хабарлайды QazNews.kz

Оған Пенсильвания штатында ел алдында сөйлеп тұрған кезінде белгісіз біреу оған оқ атқан. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 18:15-те болды. (Бұл Астана уақытымен жексенбінің таңғы 04:15). CNN мәліметінше, АҚШ-тың Құпия қызметі шабуыл жасаған снайперді оқиға орнында атып тастады. Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан бір адам қаза болып, екеуі жараланған.

Трамптың оқиғадан кейінгі мәлімдемесі:

«Мұндай жағдай біздің елде болып жатқаны таңқаларлық. Оқ атқан адам өлді. Ол туралы мәлімет жоқ. Оқ оң жақ құлағымның жоғарғы жағын тесіп өтті. Мен бірдеңе дұрыс емес екенін бірден түсіндім. Ысқырықты естідім де, оқ атылды. Және оқтың теріні жыртып өткенін бірден сездім. Көп қан кетті. Құдай, Американы сақта!, -деді.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments