Жұма, 27 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпСанжар Боқаев 10 жылға сотталды

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

Алматыда қоғам белсендісі әрі блогер Санжар Боқаевқа қатысты сот үкімі шықты. Алмалы аудандық соты оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп жазады QazNews.kz.

Сот шешіміне сәйкес, Боқаев жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ал оның жиені Мадияр Қалменов 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 26 қарашада өткен сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Санжар Боқаевты 12 жылға соттауды сұраған болатын. Ал қорғау тарапы блогерді толық ақтауды талап етті.

Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, оған алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу және көрінеу жалған ақпарат тарату айыптары бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктелді.

Прокуратура нұсқасы бойынша, Санжар Боқаев пен Мадияр Қалменов автошеруді ұйымдастыруға кететін шығындарды негізсіз көбейтіп, «ҚазТрансГаз» кәсіподағы бөлген 42 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

Іс материалдарында Үлкен Алматы өзенінің жағасындағы гранит тақталарды алып кету және Баум тоғайындағы ағаштарды кесу деректері де қаралған. Прокуратураның мәлімдеуінше, бұл әрекеттер әлеуметтік желіге жарияланатын бейнероликтер түсіру үшін ұйымдастырылған.

Сот процесі кезінде қорғаушылар маңызды куәгерден жауап алуға рұқсат берілмегеніне наразылық білдірген. Осыдан кейін олар судьяға қарсылық білдіріп, сот залынан шығып кеткен еді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр