Дүйсенбі, 23 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпМемлекеттік органдар азаматтардың өтінішін бір-біріне сілтей беретін болған

Мемлекеттік органдар азаматтардың өтінішін бір-біріне сілтей беретін болған

Қазақстанда азаматтардың өтініштеріне мемлекеттік органдардың формалды жауап беруі және мәселелерді бір мекемеден екіншісіне жолдай салуы жиілеген. Бұл мәселеге Президент Әкімшілігіне назар аударды, деп жазады QazNews.kz.

Президент Әкімшілігінің мәліметінше, 8 қарашадан бастап жаңа талап күшіне енген. Енді азаматтың өтініші үш реттен артық басқа мекемелерге жолданса, мемлекеттік орган мәселені не себепті өзі шеше алмайтынын және өтінішті басқа ведомствоға не үшін жіберіп отырғанын жазбаша түрде түсіндіруге міндетті.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарау барысын бақылау бөлімі мемлекеттік қызметшілерге азаматтардың өтініштеріне себеп болған мәселелерді жан-жақты талдауды тапсырған.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдарға өтініштерді қарау кезінде кедергі келтіретін жағдайларды жою және азаматтардың арыз-шағымдарын мекемелер арасында негізсіз жолдауды тоқтату міндеттелді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр