Жұма, 6 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда темекі экспорты сегіз айда үш есеге жуық өсті

Қазақстанда темекі экспорты сегіз айда үш есеге жуық өсті

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан шетелге 11,1 млрд дана темекі экспорттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есеге жуық көп, деп жазады QazNews.kz.

Сарапшылар экспорт көлемінің артуын отандық өндірістің ұлғаюымен және ішкі нарықтағы сатылымның қысқаруымен байланыстырады.

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстандағы темекі фабрикалары 22,2 млрд дана темекі мен папирос өндірген. Бұл 2025 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 27,4 пайызға жоғары.

Экспорттан түсетін табыс та айтарлықтай артқан. Сегіз айда қазақстандық өндірушілер шетелдік сатып алушылардан 225,1 млн доллар кіріс тапқан. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе көп.

Қазір Қазақстанда сатылатын барлық темекі өнімінің 50,9 пайызы экспортқа жөнелтіледі. Ал ішкі нарықтағы үлесі 49,1 пайызды құрайды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр