Иран билігі Үндістан, Қытай, Ирак және Катар кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы кедергісіз өтуге рұқсат берді. Бұл туралы Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Әмір Хаят Мокаддам мәлімдеді, деп жазады QazNews.kz
Оның сөзінше, енді осы төрт елдің кемелері стратегиялық маңызы бар бұғаз арқылы еркін қатынай алады. Сонымен қатар АҚШ та аталған мемлекеттердің кемелеріне кедергі келтірмей отырғанын айтқан.
Иран өкілі Катар кемелерінен Ормуз бұғазы арқылы өткені үшін транзиттік төлем алынбайтынын да атап өтті.
Мокаддамның айтуынша, Тегеранның әр елге қатысты шешімі белгілі бір себептерге негізделген. Қазір Иран аталған мемлекеттермен келіссөз жүргізіп жатыр.
Атап айтқанда, Үндістан кемелеріне қойылған шектеулерді алып тастау Иранға дәрі-дәрмек жеткізуге мүмкіндік беру мақсатында қабылданған. Ал Қытай кемелеріне қатысты шешім Тегеранның Бейжіңнен саяси қолдау алуға мүдделі болуымен байланысты.
Осылайша, Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын реттеуде жекелеген мемлекеттерге қатысты бөлек шешім қабылдап отыр.


