Сәрсенбі, 4 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда Pinco және Pin-Up онлайн-казиноларының ұйымдастырушылары халықаралық іздеуге жарияланды

Қазақстанда Pinco және Pin-Up онлайн-казиноларының ұйымдастырушылары халықаралық іздеуге жарияланды

Қазақстанда Pinco және Pin-Up онлайн-казиноларының ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды, деп жазады QazNews.kz.

Агенттік Ресей азаматы, 1985 жылы туған Дмитрий Пунин мен Украина азаматы, 1989 жылы туған Марина Ильинаны халықаралық іздеуге жариялаған. Екеуіне де қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Тергеу мәліметінше, Қазақстандағы қаржылық схеманың бір бөлігі ретінде «Бонами» ЖШС пайдаланылған. Компания PIN-UP.KZ брендімен букмекерлік қызмет жүргізуге лицензия алған. Алайда тергеу нұсқасы бойынша, заңды букмекерлік бизнес интернет-казиноның жұмысын жасыру үшін қолданылған.

Қаржылық операциялардың жалпы көлемі 106 миллиард теңгеден асқан.

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуде жүрген азаматтардың қайда екенін білетін адамдардан ақпарат беруді сұрайды.

Хабарламаны +7 7172 70 84 78 нөмірі арқылы (кезекші бөлім) немесе 1458 байланыс орталығына хабарласып жеткізуге болады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр