Қазақстанда 70-ке жуық жаңа медициналық нысан салу жоспарланып отыр. Олардың қатарында перинаталдық орталықтар, балалар ауруханалары және Ұлттық балаларды оңалту орталығының өңіраралық филиалдары бар, деп хабарлайды qaznews.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, қазір өңірлердегі медициналық нысандарға деген қажеттілікке талдау жүргізіліп жатыр. Бұл ретте аймақтардағы медициналық-демографиялық жағдай мен жобалардың тиімділігі ескеріледі.
Талдау нәтижесі бойынша жаңа нысандардың қай өңірлерде салынатыны және медициналық инфрақұрылымды дамыту бағыттары айқындалмақ.


