Бейсенбі, 29 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда орта бизнеске арналған жеке даму жоспары әзірленеді

Қазақстанда орта бизнеске арналған жеке даму жоспары әзірленеді

Қазақстанда кәсіпкерлердің бизнесін кеңейтіп, орта бизнеске өтуіне жағдай жасау үшін арнайы даму жоспары әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Оның айтуынша, құжатта бизнесті ұзақ мерзімге қаржыландыру, технологиялық жаңғырту және кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту тетіктері қарастырылады.

Сонымен қатар Құрылтай депутаттарымен бірлесіп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге және олардың қызметіне профилактикалық бақылау жүргізуге үш жылдық мораторий енгізу мәселесі талқыланады.

Азамат Әмриннің сөзінше, цифрлық экономиканы дамыту аясында кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары маркетплейстер, банктер және логистикалық қызметтер сияқты цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен ұштастырылады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр