Қазақстан 2025 жылғы Жаһандық инновациялар индексінде білім беру көрсеткіші бойынша Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал әлемдік рейтингте еліміз 68-орынға тұрақтады, деп хабарлайды qaznews.kz.
Сонымен қатар Қазақстан Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде де көрсеткішін жақсартқан.
Атап айтқанда, білім беру бағыты бойынша Қазақстан 69 елдің ішінде 2021 жылғы 45-орыннан 2025 жылы 38-орынға көтерілді. Бұл – соңғы бес жылдағы ең жоғары нәтиже.


