Сәрсенбі, 28 октября, 2026
spot_img
Басты бетӘлемҚырғызстанда барлық облыс пен ауданды тарату жоспарланып отыр

Қырғызстанда барлық облыс пен ауданды тарату жоспарланып отыр

Қырғызстанда әкімшілік-аумақтық реформаның келесі кезеңінде барлық облыс пен ауданды таратып, олардың орнына аймақтар құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттік директоры Элчибек Жантаев мәлімдеді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Оның айтуынша, жаңа әкімшілік бірлік – аймақ аудандардан үлкен, бірақ облыстардан кіші болады. Реформа нәтижесінде елдегі 40 ауданның орнына 20-дан астам аймақ құру көзделген.

Жантаевтың сөзінше, жаңа аумақтар өңірлердің даму әлеуетіне қарай жасақталады. Мәселен, Ыстықкөл облысын солтүстік және оңтүстік бөлікке бөлуге болады. Ал Жалал-Абад және Ош облыстарындағы шағын аудандар даму мүмкіндігіне қарай біріктіріліп, кейін жаңа аймақтарға бөлінеді.

«Әр облыстың өзіндік әлеуеті бар. Кейбір аудандар шағын болса, енді бірінің даму мүмкіндігі жоғары. Оларды осы ерекшеліктеріне қарай біріктіріп, аймақтар құру жоспарланып отыр», – деді ол.

Реформа қалай жүзеге асып жатыр?

Қырғызстанда әкімшілік-аумақтық реформаның алғашқы кезеңі 2023 жылы басталды. Сол кезде бірқатар ауданның шекарасы өзгертіліп, кейбір елді мекендер қалалардың құрамына қосылды.

Сол жылы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та облыстар мен аудандарды әкімшілік бірлік ретінде таратып, олардың орнына 20-дан астам аймақ құру жоспары бар екенін айтқан.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр