Сейсенбі, 27 октября, 2026
spot_img
Басты бетӘлемРесейдің 27 өңірінде АИТВ індеті кең таралған

Ресейдің 27 өңірінде АИТВ індеті кең таралған

Ресейдің 27 өңірінде АИТВ инфекциясы жалпы халық арасында кең таралған. Бұл аймақтарда жүкті әйелдердің 1 пайыздан астамынан вирус анықталған, деп хабарлайды qaznews.kz.

Бұл туралы DW басылымы хабарлады.

2025 жылы Ресейде АИТВ жұқтырудың 45 мың жаңа жағдайы тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,4 пайызға аз. Алайда мамандар індеттің ауыртпалығы әлі де жоғары екенін айтады. Әсіресе Кемерово, Иркутск және Свердлов облыстарындағы жағдай күрделі.

Ресейде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында жыл сайын 30–34 мың өлім тіркеледі. 2025 жылдың соңында олардың жартысында ғана вирустық жүктеме басылған. Ал ем қабылдап жүргендер арасында бұл көрсеткіш 77,9 пайызды құраған. Халықаралық мақсат – кемінде 95 пайыз.

Медициналық ұйымдардағы қауіпсіздік мәселесі де өзекті. 2025 жылы Ресейде АИТВ мен гепатит жұқтыруға қатысты сегіз ошақ анықталған. Бұл – соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мамандар мұны санитариялық талаптардың бұзылуымен, соның ішінде бір реттік медициналық құралдарды бірнеше адамға қолданумен байланыстырады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр