Сейсенбі, 27 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚызылордада 20 жастағы жігіт өлі табылды

Қызылордада 20 жастағы жігіт өлі табылды

Қызылордада 20 жастағы жігіт қаза тапты. Қайғылы оқиға 8 қазанда кафелердің бірінің маңында болған, деп хабарлайды qaznews.kz.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, Александр достарымен бірге демалып отырған кезде оның досы мен жергілікті диджей арасында жанжал шыққан. Жанжалдан кейін диджей таныстарын шақырған көрінеді.

Осы уақытта Александр темекі шегу үшін сыртқа шыққан. Туысының сөзінше, сол жерде оған 8-9 адам жабылып, шабуыл жасаған. Жігіттің арқасы мен кеуде тұсына, жүрегіне пышақ салған.

Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, Александр жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Полиция күдікке ілінген үш адамды ұстады. Қазір тергеушілер шабуылға басқа адамдардың қатысы бар-жоғын да тексеріп жатыр. Оқиға орнындағы бейнебақылау камераларынан алынған барлық жазба зерделенген.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр