«Самұрық-Қазына» қоғамдық кеңесінің мүшесі Олжас Байділдинов Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы теңге бағамына байланысты өсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды qaznews.kz.
Оның сөзінше, ұлттық валютаның қазіргі нығаюы еліміздегі жанармайдың доллармен есептелген құнын белгілі бір деңгейде теңестіріп отыр. Алайда теңге әлсірей бастаса, жанармай бағасы да жоғарылауы ықтимал.
Бұл туралы Байділдинов өзінің Telegram-арнасында жазды.
Сарапшы сондай-ақ әлемде және аймақ елдерінде жанармай бағасы өсіп жатқанын атап өтті. Сондықтан Қазақстандағы бензин мен дизель бағасының әзірге тұрақты болып тұрғанына қатты қуануға негіз жоқ екенін жеткізді.


