Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Кездесу барысында Ресей басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.
Өз кезегінде Қазақстан Президенті құттықтауы үшін алғыс айтып, елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар жөнінде ақпарат берді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған келісімдерді жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамып келеді. Ол Ресейдің Қазақстан үшін негізгі инвестициялық және сауда серіктестерінің бірі екенін айтты.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен алдағы бірлескен жобаларды талқылады.


