Бейсенбі, 6 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпКипрден пәтер алып беремін деген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Кипрден пәтер алып беремін деген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Қазақстан азаматы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен Грузиядан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктіні Қазақстанға қайтару операциясын Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері бірлесіп жүзеге асырған.

Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам әйелдің сеніміне кіріп, Кипрден пәтер сатып алуға көмектесетінін айтып, одан 100 миллион теңгеден астам қаражат алған. Алайда ақшаны иеленгеннен кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылдың маусым айында күдікті Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Егер кінәсі дәлелденсе, күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр