Бейсенбі, 6 августа, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамАстанада атпен қала аралаған блогерге айыппұл салынды

Астанада атпен қала аралаған блогерге айыппұл салынды

Астанада блогердің қала көшелерімен атқа мініп жүруі әкімшілік жауапкершілікке әкелді, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Полицияның мәліметінше, елорданың 35 жастағы тұрғыны атпен автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар арқылы жүріп, тұрғындарға кедергі келтірген.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» монументі бағытына бара жатқан кезде жануар жолай қиылыстардың бірінде тротуарды ластап, көгалды таптап өткен.

Оқиғаға байланысты ер адам абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін екі бірдей әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Полицияның мәліметінше, блогер мұндай серуенді қаладағы мекемелердің біріне жарнамалық бейнеролик түсіру мақсатында ұйымдастырған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр